Бүгін — ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерімізді дәріптейтін ерекше күн. Колледжімізде бұл күн ұлттық құндылықтарды насихаттауға, студенттердің рухани тәрбиесін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Әрбір ою-өрнек, әрбір нақыш — халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Ұлттық киім — тек сән үлгісі емес, ол — біздің болмысымызды, рухымызды,
тамырымызды танытатын асыл мұра.
Осы күні барша студенттер мен ұстаздарды ұлттық киім киіп, төл мәдениетімізді ұлықтауға шақырамыз. Дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды бірге насихаттайық!
РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу