10.12.2025 күні Оқытушылар Вайс Я.П., Ерікбай К., Тасжанова Е.К., Рахимбекова А.Е., Искакова Г.А. және «Феникс» орталығының волонтёрлері Красный Яр ауылындағы №1 жалпы орта мектебінің оқушыларымен кәсіби бағдарлау кездесуін өткізді.
Оқушыларға сұранысқа ие мамандықтар, оқу орындарына түсу талаптары, колледж мүмкіндіктері және болашақ кәсіби бағыттар жайлы ақпарат берілді.
Кездесуден кейін мектеп оқушылары зейінді, ойлау қабілетін және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытатын түрлі интеллектуалдық ойындарға қатысты.
Іс-шара жылы әрі белсенді атмосферада өтті — оқушылар үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Осындай шаралар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен көмегін тигізеді!
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Досболайк презентация |
РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу