2026 жылғы 26 ақпанда колледжімізде WorldSkills құзыреттілігі бойынша «Web-дизайн және әзірлеу» бағыты бойынша ішкі колледждік кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – студенттердің заманауи веб-сайттарды әзірлеу, пайдаланушы интерфейстерін жобалау және веб-технологияларды қолдану бойынша практикалық дағдыларын дамыту.
Конкурс барысында қатысушылар веб-беттерді әзірлеу, интерфейс құру, HTML және CSS тілдерін қолдана отырып сайттарды версткалау, сондай-ақ веб-әзірлеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Қатысушылардың жұмыстары WorldSkills стандарттарына жақын критерийлер бойынша бағаланды: кодтың құрылымы мен сапасы, интерфейс дизайны, беттердің бейімделгіштігі, жобаның функционалдығы, верстканың ұқыптылығы және креативті шешімдер.
Конкурсқа бес студент қатысты:
Сапар Ерасыл Нұрбекұлы
Әлиұлы Исмаиыл
Наурызбаев Ергазы Асанович
Сыздыков Олжас Каратаевич
Даут Құрбанәли Ануарұлы
Конкурс қорытындысы
I орын
Наурызбаев Ергазы Асанович
Қатысушы веб-әзірлеу технологияларын жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті, интерфейс дизайны мен верстканы сапалы орындап, жобаның құрылымын дұрыс ұйымдастырды.
II орын
Сыздыков Олжас Каратаевич
Конкурс тапсырмасын сапалы орындап, қолданушы интерфейсін дұрыс ұйымдастырған және веб-жобаны ұқыпты түрде жүзеге асырған.
III орын
Сапар Ерасыл Нұрбекұлы
Конкурс тапсырмасын сәтті орындап, веб-әзірлеу принциптерін жақсы меңгергенін көрсетіп, өз жұмысын сенімді түрде қорғады.
Белсенді қатысқаны үшін марапатталғандар
Әлиұлы Исмаиыл – «Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін» грамотасы
Даут Құрбанәли Ануарұлы – «Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін» грамотасы
Барлық қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!
Студенттерге IT саласында кәсіби дағдыларын одан әрі дамытып, WorldSkills чемпионаттарына қатысу жолында жаңа жетістіктер тілейміз.

РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу