Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі кітапханасының оқу залында белгілі қазақ ақыны, жазушысы, аудармашысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына (1935-1983) арналған портрет - кітап көрмесі ашылды.
Көрменің басты мақсаты - жас ұрпақты ақынның шығармашылығымен, шығармалары Қазақстанның рухани мәдениетінің маңызды бөлігіне айналған автордың әдеби мұрасының алуан түрлілігімен таныстыру.
Портрет көрмесіне ақынның өлеңдер жинағының басылымдары, проза, әдеби зерттеулер кіреді .Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранының негізін қалаған "Менің елім" ("Менің Қазақстаным") өлеңі ерекше орын алады.
Өздеріңіз білетіндей, "Менің Қазақстаным" әнінің мәтінін автор 21 жасында, шығармашылық жолдың басында жазған . Композитор Шәмші Қалдаяқов оның өлеңдеріне музыка жазды.
Ал белгілі қазақ әншісі Жамал Омарованың орындауында ән өте танымал болды. 2006 жылдың 11 қаңтарында "Менің Қазақстаным" алғаш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны ретінде шырқалды.
Баршаңызды көрнекті қазақ ақынының мерейтойына арналған кітап көрмесіне қатысуға және шығармашылығы еліміздің мәдени тарихында ерекше орын алатын Жұмекен Нәжімеденовтің бай мұрасымен танысуға шақырамыз.
РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу